Жаттығу атыс аспаптары мен құралдары — атыс негіздерін, атыс каруының материалдық бәлігін жақсы игеруге, сондай-ақ дәлдеп атуға үйретуге арналған құралдар мен аспаптар. Олар атыс дайындығы сабақтарында колданылады. Мақсатына карай жаттығу атыс аспаптары мен құралдарын бірнеше түрге бөлуге болады: аспапкұралдар: ұрыс және жаттығу дүрбілері, перископтар, қару жабдықтары және басқалар. Олар атыс дайындығының барлық бөлімдерін меңгеру үшін колданылады және көрнекі құралдың негізгі түрі болып табылады; көлемді көрнекі құралдар: қару макеттері, оның кейбір бөліктері мен механизмдерінің, кездегіштер мен бақылау құралдарының макеттері, үлгілері, нысана тұлыбы, шағын көлемді полигондар т.б.; бейнелеуіш көрнекі құралдар: плакаттар, сызбалар, фотосуреттер, көріністер, т.б.; жарықтандырғыш құралдар мен көрнекіліктер: фильмоскоп, кинопроектор, эпидиаскоп, түнгі атыс экраны, жарык елестеткіш, т.б.; жаттығу атыс құралдары: нысанаға бағыттау мен атыс жүргізуде қарудың калпын реттейтін атыс құралдары: ортоскоптар, бүйірден көздеу, кәздеуші станоктар, атыс тренажерлері, пантографтар, т.б.; атыста, жаттығу алаңында немесе атыс қалашығында жағдай жасауға қажетгі күралдар мен кондырғылар: жаңадан көрінетін немесе қозғалыстағы нысананы кәрсетуге арналған нысана қондырғысы, елестеткіштер, тасымалы жергілікті заттар және баскалар.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс