Әзербайжандар () — этнос және ұлт, Әзербайжанның байырғы және негізгі халқы. Әлемде шамасында 40 млн. адам құрайды.
Этнонимі Қазіргі «Әзербайжан» этнонимі Иран Әзербайжаны мен Әзербайжан Республикасының түркі халықтарына қатысты. Олар тарихи түрде өздерін мұсылмандар, түріктер, түрікмендер, парсылар немесе аямдар деп атаған (немесе басқалар атаған) - яғни этникалық сәйкестендіруден гөрі діни сәйкестендіру басым болды. Бұл әзербайжандардың ирандықтар мен түріктерден шыққанын көрсетеді.
ХІХ ғасырда Оңтүстік Кавказ Ресей империясының құрамына кіргенде, дәстүрлі түрде бүкіл түркі халықтарын татарлар қатарына жатқызған Ресей билігі Закавказье аймағында тұратын түріктерді басқа түркі топтарынан ерекшелеу үшін кавказдық немесе адербеяндық (адербейжан) татарлар деп белгіледі. 1890 жылы жазылған орыс энциклопедиялық Брокгауз және Эфрон сөздігінде де Әзербайжандағы «татарлар» Адербейжандар деп сипатталған, сонымен бірге бұл терминнің жалпыға бірдей қабылданбағандығы айтылған.
Әзербайжан ортасында «әзербайжандар» немесе «әзербайжан түріктері» термині алғаш рет 1891 жылы Бакудағы либералды «Кешкул» газетінде Иран-Ресей шекарасының екі жағында тұратын халықтарды белгілеу үшін ұсынылды, бірақ ресми түрде "әзербайжандар" этнонимі тек 1930 жылдары КСРО-да қабылданған. 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағында әзірбайжандар түрік деп аталды, ал 1939 жылғы келесі Бүкілодақтық санақта олар «әзербайжандар» деп белгіленді.
Этногенезі Әзербайжан этносы ерте заманда қалыптаса бастаған, сондықтан ұлттың өте терең, ғасырлық тамыры бар. Ұлы Жібек жолы туралы деректерді талдай отырып, тарихшылар әзербайжандардың аралас көшпелі халықтардың тірегіне айналған ежелгі шығысқа қатысы бар деген қорытындыға келді.
Әзербайжандардың этногенезіне ежелгі Мана (б.з.б. 1 мыңжылдықтың 1 жартысы), Кавказ Албаниясы (б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2 жартысы-б.з. 10 ғ) мемлекеттерінің халқы қатысты. Мидиялар, Атропатена (б.з.б. 4 ғ.–7 ғ.), кавказ тілді албандар, гаргарлар, утияндар, каспийлер, легилер – солтүстігінде иран тілді курттер, маннейлер, мидиялар – оңтүстігінде 7 ғасырда арабтар жаулап алғаннан кейін Адербайжан (араб), Адербадаган (парсы) деп аталды. Әсіресе, біздің заманымыздың 1 мың жылдығынан бастап жаңадан келгендер, негізінен түркі тілдес тайпалар (ғұндар, хазарлар, бұлғарлар, печенегтер, т.б.) жергілікті халықпен араласып кетті.
Әзербайжан этникалық қауымдастығының қалыптасуы 11-13 ғасырларда түркі тілдес (оғыз) тайпаларының жаңа толқынының Әзербайжанға басып кіруі және қоныстануы нәтижесінде аяқталды. 18 ғасырдың ортасына қарай Әзербайжан жерінде 15-тен астам хандықтар (ең ірілері Куба, Шеки, Ширван, Баку, Қарабақ) болды, олар Иранға вассалдық тәуелділікте болды. Соңғы орта ғасырларда қазіргі Дағыстан аумағында әзербайжандар пайда болды, олардың мәдениеті мен өмір салтына көрші халықтар - лезгиндер, даргиндер, табасарандар әсер етті.
Эндоэтнонимдері 1939 жылға дейін болған ескірген орыс эндоэтнонимі (Ресей империясындағы ресми) - «Закавказье татарлары». Түрік тілінде – «Azeriler»; грузин тілінде - "აზერბაიჯანელები"; армян тілінде - «Ադրբեջանցիներ»; парсы тілінде – «مردمان آذربایجانی»; араб тілінде – «أذر»; орыс тілінде – «Азербайджанцы»; украин тілінде – «Азербайджанці»; түрікмен тілінде – «Аzerbeýjanlar»; ағылшын тілінде – «Azerbaijanians»; авар тілінде – «Азарбайжанал/Падарал»; ингуш тілінде - «Гlажарой/Пирсаьн»; лак тілінде - «Къажар/Азирбижан»; абхаз тілінде – «Азербаиџьанцәа»; осетин тілінде – «Азербайджайнæгтæ»; тәжік тілінде – «Озарбойҷонӣ».
Нәсілі Олар негізінен үлкен европеоид нәсілінің оңтүстік тобына жатады.
Сырт келбеті нобай|оңға|200px|Әзербайжандар Әзербайжандар келесі белгілерімен сипатталады: әдемі қоңыр көздері; берік ақ тістері; ақшыл-сарғыш терісі; ұқыпты мұрындары; етжеңді ерні; қалыпты бет сүйегі; биік қастары; қалың шаштары.
Олар Кавказдың басқа өкілдеріне ұқсамайды, әзербайжандардың бет-әлпетінде дөрекі және көрнекті идентификаторлар жоқ, сондықтан көптеген адамдар оларды әдемі үнділермен, ирандықтармен кейде тіпті сығандармен шатастырады.
Тілі және жазуы
нобай|оңға|200px|Нахичевань қаласындағы Ана тіліне ескерткіш Әзербайжан тілі түркілердің үлкен тобына жатады, оның оңтүстік-батыс немесе оғыз тобын білдіреді. Оған түрікмен, түрік, ғағауыз тілдері де кіреді, құмық тілі фонетикалық жағынан жақын. Тіл ерте орта ғасырларда оғыз тайпалары парсы жерлерін басып алғаннан кейін қалыптасты. Бұл өлкенің байырғы халқына тән араб және парсы тілдерінің әсері зор. Жазуы ежелгі дәуірден бері бар, ал алғашқы сақталған ескерткіштер XIII ғасырға жатады. Ол соңғы формаларды XV - XVIII ғасырларда алды. XX ғасырда әліпби КСРО халықтарына тән схемаға сәйкес үш рет өзгерді: арабтан латынға, содан кейін кириллицаға көшті. Әзербайжан тілінің қазіргі әліпбиі тұратын аймақтарға байланысты ерекшеленеді. Дағыстанда кириллица қалды, Иранда араб тілі қолданылады, Әзербайжанда жаңа нұсқасы жасалды: түрікше латын.
Тәуелсіздік алғаннан кейін әзербайжандар қайтадан латын әліпбиіне қайта оралды. Бұл шараның негізгі үш мақсаты бар. Біріншіден, бауырлас түрік халқымен жақындасып, олардың әсерлі зияткерлік және мәдени жүгінен пайда алу мүмкіндігін алуға деген зор ықылас бар. Екіншіден, латын әліпбиі әлемнің дамыған елдерінің көпшілігінде қолданылады және шетелдіктерге ағылшын тілін үйрену оңай болғаны сияқты, шетелдіктерге де әзербайжан тілін жақсы меңгеруге көмектеседі.
Латын әліпбиі негізінде 1991 жылдан бастап қазіргі жазуы: Aa Bb Cc Çç Dd Ee Әә Ff Gg Ğğ Hh Xx Iı İi Jj Kk Qq Ll Mm Nn Oo Öö Pp Rr Ss Şş Tt Uu Üü Vv Yy Zz
Араб жазуына негізделген қазіргі жазу (Иран әзербайжандары арасында таралған): یٔ ی ہ ؤ و ن م ل گ ک ق ف غ ع ظ ط ض ص ش س ژ ز ر ذ د خ ح چ ج ٽ ت پ ب آ ا
Діні Әзербайжандар көпшілігі мұсылмандар. Әзербайжанда ислам дінін ұстанатындардың 90%-ға жуығы мұсылман-шииттер, бірақ өздерін сунниттер деп санайтындар да осында тұрады, бұл парсы ықпалының бір көрінісі. Мұнда христиандарды да, кез келген басқа дінді ұстанушыларды да кездестіреуге болады. Бұл осы елдің аумағында тұратын адам қандай діни бағытты ұстануды таңдауға құқылы және ешкім оның сенімдеріне әсер етуге құқылы жоқ.
Таралу аймағы және халық саны Халықтың басым бөлігі Әзербайжанда тұрады, бұл ел халқының 91,6% құрайды. Ұлт өкілдерінің едәуір бөлігі солтүстік-батыс Иран территориясын алып жатыр: кейбір мәліметтер бойынша әзербайжандардың саны мемлекет халқының үштен бірін құрайды. Ресейде әзербайжандар негізінен Оңтүстік Дағыстанда тұрады, бірақ көшіп келген немесе жұмысқа келген ұлт өкілдері елдің кез келген өңірінде кездеседі. Сонымен қатар Грузияда (оңтүстік және оңтүстік-шығыста), Түркияда және Түрікменстанда айтарлықтай әзербайжан диаспоралары бар.
КСРО ыдырағаннан кейін көпшілігі ТМД елдеріне, Америкаға, Еуропаға қоныс аударды. Өткен ғасырдың 70-жылдары Арменияда 180 мыңнан астам зербайжандар тұрған. Қарабақ қақтығысына ұласқан ұлтаралық қақтығыстардан кейін олардың басым көпшілігі елден кеткен.
Деректер бойынша дүние жүзінде 40 миллионнан астам әзербайжандар тұрады: Әзербайжанда саны 5,8 миллион адамды құрайды. (2000, бағалау; 1999 жылғы халық санағы бойынша – 7,2 млн. адам), Иранда – 10,8 млн адам, Түркияда - 700 мың адам, Ирак (әртүрлі деректер бойынша 300 мыңнан 1,3 млн. адамға дейін), Ресей 621,8 мың адам (2002, халық санағы), Грузия - 300 мың адам, Қазақстан - 90 мың адам, Өзбекстан - 55 мың адам, Украина - 36 мың адам, Түрікменстан - 42 мың адам және т.б.
Тарихы Ежелгі дәуірде ұлттың қазіргі қоныстанған аумақтарын кавказдық және каспийлік антропологиялық типтегі көшпелі тайпалар алып жатты. Кейін олар дербес өмір сүрген 26 көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың одағы болған Кавказ Албаниясына ресми түрде біріктірілді. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда Александр Македонский аймаққа келіп, Мидиялық Атропатена мемлекетін құрды. Одан ұлттың атауы және оны орналастырудың негізгі аймағының аумақтық шекаралары пайда болды. Мемлекет біздің дәуіріміздің VIII ғасырына дейін созылды, оны исламды әкелген қуатты Араб халифаты жаулап алып, ғасырлар бойы үстемдік еткен зороастризмді алмастырды. нобай|оңға|200px|Әзербайжандар Зерттеушілер әзербайжандарды ұлт ретінде бөлуді қарастыратын келесі кезең-XI-XIII ғасырлар болды. Түркі тілінде сөйлейтін оғыз тайпалары аймаққа белсенді түрде ене бастады: татар-моңғолдар билігі кезінде ағын күшейді. Этникалық топтың қалыптасуына соңғы әсер Орталық Азиядан келген түрікмендер болды. XV ғасырға қарай қазіргі Иран мен Әзербайжан территорияларының тұрғындары өздерін бір халық деп санап бір тілде сөйледі.
XVI-XVIII ғасырлар аралығында күшті Сефевид әулеті билік етті, бұл кезеңде империя гүлденіп, көрші аймақтарға алым-салық салып, жат жерлерге басып кірді. Содан кейін мемлекет ыдырап, көптеген хандықтарға бөлінді (орыстар, ирандықтар, ауғандар, Осман халифаты).
1805-13 ж. және 1826-28 ж. орыс-Иран соғыстары барысында Ресей мен Иран арасында жасалған Гүлстан (1813), Түркменчай (1828) шарттарына сай елдің Солтүстік бөлігі Ресейге қосылды.
Иранда ұлт өкілдері ұзақ уақыт бойы кемсітушілікке ұшырады, бірақ бүгінде көптеген мемлекеттік орындарда әзербайжандар отыр.
1988-1990 жж. Әзербайжан ұлттық-демикратиялық қозғалысы тәуелсіз мемлекетті қайта жаңғыртуға күресті. 1989 жылы 23 қыркүйекте Әзербайжан алғашқы кеңес республикалары арасында өз егенмендігін жариялады. 1990 жылдың 20 қаңтарында аталмыш қозғалысты басу мақсатында Михаил Горбачев билігі уақытында кеңестік биліктің мақұлдауымен кеңестік-армян әскері жіберілді. Сұм қаталдықпен жүргізілген репрессия уақытында жүзедеген жазықсыз әзербайжандар қаза тапты,зардап шекті. 1991 жылдың ортасына дейін төтенше жағдай жарияланды. Осы сәтсіздіктерге қарамастан, тәуелсіздік үшін талмай күрескен әзірбайжан халқының патриоттық күштерінің әкелген жемісі Жоғары Кеңестік Әзербайжан Республикасының декларациясы 1991 жылы 31 тамызда қабылданды.
Әзербайжан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң 1991 жылдың 18 қазанында аяқталып, тәуелсіз Әзербайжан мемлекетінің негізін салынды және саяси, экономикалық құрылымы анықталды. Бұл Әзербайжан Республикасының акті 71 жылдан кейін қайта халықаралық құқықтың жеке субъектісі болды. 1992 жылы Әзербайжан БҰҰ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болды.
Кәсібі нобай|оңға|200px|Мақта егісі Дәстүрлі кәсібі - кілем тоқу, зергерлік, мыстан ыдыс-аяқ соғу, құмыра жасау, ағаш, тас өңдеу, жібек, жүн, мақта маталарын тоқу, тері өңдеу. Баспаналары - таулы және жазық жерлерде ағаштан, балшықтан салынып, төбесі шошақ немесе күмбезден жабылған қаратам, сакля. Бақташыларда киіз үй - алачыг деп аталады.
Жазық жерлерде тұратын әзербайжандардың негізгі кәсібі егіншілікпен байланысты болды. Олар бидай, сұлы, қара бидай, жүгері, арпа, күріш өсірді, мақта, жүзім, бау-бақшамен айналысты. Ірі қара мал және қой шаруашылығы маңызды рөл атқарды.
Дәстүрлі қолөнері металдарды өңдеумен байланысты болды: мыс, алтын, күміс. Жергілікті қолөнершілер жасаған зергерлік бұйымдар, өрнектері бар соғылған сандықтар кеңінен танымал болды, оларды қалыңдықтың жасауына жинады.
Ұлттық нақыштағы жергілікті кілемдер әлі күнге дейін әлемге әйгілі. Қара, көк және қызыл реңктегі барқытқа жібек жіптермен кестелеу ерекше құнды қолөнер болып саналды.
Өмір салты Отбасылық өмір, әдет-ғұрыптары thumb|солға|150px Отбасылар мен рулық елді мекендерде ең бастысы – ақсақалдар атанған қарттар болды. Олар барлық қоғамдық шешімдерді қабылдады, олардан ақыл-кеңес сұрады, дауларды, шаруашылық мәселелерді шешуге қатыстырылды, келіссөздер кезінде көмек сұрады. Кішкентай отбасыларда оның басшысы шешуші сөзге ие болды, балалары, әйелі, апалары мен ағалары оған бағынбады.
Қыздардың некеге тұру жасы 15-17 жаста болды, кейде олар одан да ерте күйеуге берілді. Үйлену тойынан кейін қалыңдық күйеуінің үйіне келеді. Дәстүр бойынша, бұл кезде ата-анасы ұлына жеке баспана дайындайтын, бірқатар ауылдарда ата-анасымен бірге тұру әдетке айналған. Келіннің қайын атасымен бірінші сөйлесуіне тыйым салынды, сөйлесу болған жағдайда ауызды орамалдың бір бұрышымен жабу талап етілді.