Жарықты техника — жарықты алу және оны практикалық қолдану мәселелерін қамтитын техника саласы. Жарықты техника бөлімдері: жарықтандырғыш техника жарық беру үшін жарык қуатын қолдану; жарыкпен белгі бергіш техника — белгі беруге арналған қүрылғылар жасау; жарықтық проекциялык техника — жарықты көшіруге арналған және т.б. аппараттар, проекциялық аппараттар құрастыру; сәулелендіру техникасы — емдік мақсатта жарық қуаттарын қолдану.

Әскери істе әскерлердің (күштердің) ұрыс қимылдарын жарықпен қамтамасыз ету үшін жарық бергіш және жарықпен белгі бергіш техника түрлері кеңінен қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс