Теңіз десанты (Морской десант)—десанттық кемелер, көліктік кемелер арқылы тасылатын және карсыластың теңіз жағалауына түсірілетін десант. Десанттық кемелерден теңіз десанты тікелей жағалауға түсірілсе, көліктік кемелерден десант түсіру құралдары аркылы, сондай-ақ тік ұшақтармен түсіріледі. Десант құрамында жалпы әскери құрамалар (бөлімдер) және теңіз жаяу әскер бөлімдері болады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс