Кеменің вахталық журналы (Вахтенный журнал корабля) — негізгі ресми құжат. Онда кеменің сапқа түскен сәтінен бастап флот қатарынан шығуына дейінгі өмірінің барлық окиғалары хронологиялык ретпен жазылып отырады; журналда кеменің жүзуі және тұруы туралы, жай-күйі, жеке құрамдағы өзгерістер, кемеде жүргізілген жұмыстар, жаттығулар, қордың жұмсалуы және т.б. туралы мәліметтер беріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс