right|thumb|Боливиядағы шақат Шақат — артық ылғалданған жағдайда сортаңның жоғары қабатындағы тұздың мезгіл-мезгіл шайылуынан пайда болатын топырақ типі. Күлгін, ақшыл элювий қабаты тон. Одан төменде суды аз өткізетін, тығыз иллювий қабаты жатады. Карбонатты қабат 70—100 см тереңдікте орналасады. Қарашірік 8%-ға дейін болады, кейде одан да асады. Түбі тегіс, тайыз, шағын шұқанақтарда, шалғын және батпақты-шалғын өсімдігінің астында қалыптасады. Суға ұдайы шылқып тұрады. Негізінен, шабындыққа пайдаланылады. Қоңыржай белдеудің орманды дала және дала зоналарында таралған. Қазақстанның солтүстігінде орманды дала зонасында шалғын алқапта кездеседі.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Сор топырақ
Санат:География және геодезия