Ақтоғай ауданы – Павлодар облысының солтүстік-батысында орналасқан аудан. Ауданның әкімшілік орталығы – Ақтоғай ауылы облыс орталығынан солтүстік-батысқа қарай 116 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан. Негізі жер ауып келген шаруалардың құнды жерлерді игеруімен байланысты 1907 жылы қаланған.
Ауыл шаруашылық алабының аумағы соның ішінде егістік жерлер – 36,4 мың га, шабындық жерлер – 34,1 мың га, жайылымдар – 594,1 мың га, тыңайған жерлер – 246,0 мың га, бау-бақшалар – 0,45 мың га, көпжылдық өсімдіктер – 0,05.
Физикалық-географиялық сипаттамасы Географиялық жағдайы Ауданы 9,8 мың км². Солтүстігінде Ертіс ауданымен, оңтүстігінде — Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарымен, батысында — Ақмола облысының Ерейментау және Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов аудандарымен, шығысында — Тереңкөл және Павлодар аудандарымен шектеседі.
Климаты Климаты қатал континентальды. Қаңтар айындағы орташа температура −17°-18°С, шілде айында— +20°+21°С. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері — 250-300 мм. Жер бедері және гидрография Аумақтың жер бедері— жазық (Ертіс жазығы). Жер қойнауындағы табиғи құрылыс материалдары зерттелінген. Аудан аумағында Ертіс, Сілеті (өзен), Шідерті өзендері, Жаалулы, Тобылғысор, Тайқоңыр, Сасықсор және т.б. көлдері өтеді. Топырағы қою қызғылт. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан аумағының көп бөлігі жыртылған.
Флора және фауна Дәнді, бетегелі, қылқан селеу өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, борсық, суыр, аламандар мекен етеді. Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 17131 25687 37642 30725 29308 21056 15114 13169 Этникалық құрамы Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына) қазақтар — 10 580 адам (75 %); орыстар — 1 892 адам (13,48 %); украиндар — 702 адам (5 %); немістер — 279 адам (1,99 %); татарлар — 99 адам (0,71 %); белорустар — 88 адам (0,63 %); басқалары — 390 адам (2,78 %); Барлығы— 14 030 адам (100,00 %). Санның серпінділігі 1999 жылы халық саны — 21,0 мың адамды, 2012 жылы — 14,0 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1999 жылы 1 км² 2,15 адамнан, ал 2012 жылы 1,43 адамнан келді.
Тарихы 1938 жылы Куйбышев ауданы ретінде құрылған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1963 жылы 2 қаңтардағы Президиумы Жарғысымен Краснокутск ауылы орталығы бар Краснокутск ауданы болып өзгертілді. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылдың 4 мамырындағы Президиумы Қаулысымен Ақтоғай ауданы болып өзгерді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен 1993 жылдың 7 қазанында Ақтоғай ауданының орталығы - Краснокутск ауылы Ақтоғай болып өзгерді.
Әкімшілік бөлінісі Аудан аумағындағы 31 ауыл 7 ауылдық округке біріктірілген:
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Ақжол ауылдық округі 1347 1055 78,3 646 530 82 701 525 74,9 Ақтоғай ауылдық округі 5691 5749 101 2751 2940 106,9 2940 2809 95,5 Жалаулы ауылдық округі 1431 992 69,3 709 527 74,3 722 465 64,4 Жолболды ауылдық округі 964 700 72,6 484 362 74,8 480 338 70,4 Қараоба ауылдық округі 2024 1683 83,2 984 869 88,3 1040 814 78,3 Қожамжар ауылдық округі 1467 1311 89,4 716 657 91,8 751 654 87,1 Мүткенов ауылдық округі 2190 1679 76,7 1081 864 79,9 1109 815 73,5 ЖАЛПЫ САНЫ 15114 13169 87,1 7371 6749 91,6 7743 6420 82,9
Ірі елді мекендері Елді мекен Халқы (2021) Ақтоғай 4495 Қожамжар 893 Мүткенов 842 Қараоба 746 Приреченское 593 Әуелбек 575 Ақжол 504 Харьковка 425 Жолболды 391 Жалаулы 381 Шолақсор 302
Экономика Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: сүтті мал шаруашылығы, дәнді дақыл шаруашылығы. Күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты жасалынады. Кәсіпкерлік - аудан экономикасының маңызды құрамдас бөлігі және жаңа жұмыс орнын құрудың негізгі құралы болып табылады. Қазір ауданда 364 шағын бизнес субъектілері қызмет істейді. Аудан аумағы бойынша облыстық шеңберде маңызы бар автомобильді жолдар өтеді, "Ленинск-Ертіс-Русская Поляна" жер телімі 43-128 (85 км) км, "Ақтоғай-Шолақсор" жер телімі 0-164 (164 км) км.
Әлеуметтік сала Білім беру және ғылым 2012 жылғы жағдайға сәйкес ауданда 2 мектепалды ұйымдары тіркелген. 2001—2002 оқу жылында 32 жалпы білім беру мектептері (4390 оқушылар), оның ішінде 16 орта мектеп (3848 оқушылар), 7 негізгі мектептер (384 оқушылар), 9 бастауыш мектептер (158 оқушылар); оның ішінде 16 мектеп қазақ тілінде, 2 мектеп орыс тілінде оқытады және 14 қазақ-орыс тілдеріндегі аралас мектептер, 2012 жылы ауданда 30 орта жалпы білім беру мекемелері, 1 кәсіби лицей-мектебі тіркелген. Денсаулық сақтау Ауданда Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы бар, бас дәрігері Марат Тұрсынұлы Сатабаев. Мәдениет Қожамжар ауылында халық Ағартушысы Ж. Тіленшиевтің 1967 жылы даталанған мүсіні бар. Ауданда Ақтоғай орталық аудандық кітапханасы бар. Әр түрлі газеттер шығарылады: «Коммунистік еңбек» (1939 жылдан), «Коммунистический труд» (1955 жылдан), Ауыл Тынысы. Әйгілі адамдар Ақтоғай ауданы Кеңес Одағының батыры – Серікбай Мүткеновтың, Социалистік Еңбек Ерлері — А. А. Ахмединова мен Қ. Қаленованың отаны болып табылады.
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы)