Горизонталь бұрыштарды өлшеу — теодолиттің құрылмасына, өлшеудің шарттарына және қойылатын талаптарға байланысты горизонталь бұрыштарды өлшеудің жеке бұрыш, айналма, қайталаулар әдістері бар. 1. Жеке бұрыш өлшеу әдісі — теодолиттік жүрістерде жобадан жергілікті жерге бұрышты көшіруде және тағы да басқалары жұмыстарда жеке бұрыштарды өлшеу үшін қолданылады. 2. Айналма әдісі - есептеу қателерінің әсерін азайту мақсатымен өлшеудің ақырғы нотижесінің дәлдігін арттыру қажет болғанда қолданылады. 3. Қайталаулар әдісі — триангуляцияда және полигонометрияда бір нүктеден үш және одан да көп бағыттар арасындағы бұрыштарды өлшеу кезінде қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:География және геодезия