Базарлы тастопшасы — Маңғыстау, Үстірт, Түрікменстанның солтүстік өңірлерінде таралған.
Сипаттамасы Реттесе қат-қабатталған саздардан, құмайттастардан және кұмтастардан тұрады. Қимасының түпкі қабатында жұмыртас линзаларын кіріктіретін құмтас тақтаташасы дараланады. Қалыңдығы 90-120 м. Фауна қалдықтары — аммониттер, қосжабырлы жәндіктер мен фораминиферлер. Жоғарғы байосқа сәйкес келеді. Оңтүстік Манғыстау еңірінде тастопша қабаты өндірістік мұнай қорларын кіріктіреді.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы географиясы