Атом артиллериясы (Атомная артиллерия) — теңіздегі және құрлықтағы нысаналарды атом снарядтарымен жоюға арналған артиллерия. Қазіргі кезде ядролық заряды бар снарядтармен ататын арнаулы зеңбіректер бар. Қарсыластың тасадағы әскери күшін, соғыс техникасын жоюға, әскери-инженерлік құрылыстарын бұзуға арналған. Атом артиллериясысын алып жүру үшін тез жүретін шынжыртабанды трактор немесе 10 тонналық автомобиль-сүйреткіш, жүк тасушы ұшақтар пайдаланылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс