Теңелбаева Тәттібике (1927, қазіргі Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылы – 1999) – еңбек ардагері, токарь. Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы ФЗУ-ды бітірген (1943). Еңбек жолын Доссор, Майкөмген мұнай кен орындарында токарь болып бастаған. 1966 – 1986 жылдары Маңғыстау ауданы Шебір, Шайыр, Тұщықұдық ауылдарында токарь болып жұмыс жасады. «Құрмет белгісі» (1971) орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданында туғандар Санат:Маңғыстау облысы тұлғалары