Аграрлық экология (Аграрная экология; — жер, жерге байланысты, жер қожалығына, жерді пайдалануға байланысты, — үй, атамекен, logos — ілім, ғылым) — қолданбалы экологияның бір бөлімі, ауыл шаруашылығы экологиясы. Аграрлық экология Мәдени өсімдіктердің түсіміне абиоталық және биоталық орта факторларының әсерін,сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін мекендейтін организмдер қауымының құрылымы мен қозғалысын, өсірілетін өсімдіктердің тіршілігіне агробиоценоздардың тигізетін әсерін зерттейді. Қазіргі заман Аграрлық экологиясының негізін В.Тишлер (1965) жете зерттеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғатты қорғау. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001. ISBN 5-7667-8188-1
Дереккөздер
Санат:Экология