Рахат Құсайынұлы ҚосбармақМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1972 жылы туған, Бейнеу ауданы,Қызыләскер ауылы ) – журналист, 2006 жылдан Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. ҚазҰУ-ды бітірген (1994). 1990 – 1991 жылдары студенттердің республикалық «Өркен» газетінде корректор, тілші 1992 – 1993 жылдары «Жас қазақ» 1991 – 1993 жылдары «Рауан» газетінде тілші 1994 жылы «Таңшолпан» телекомпаниясында редактор 1994 – 2002 жылдары Маңғыстау облысының телерадиокомпаниясында редактор, бас редактор, аға редактор, төрағаның орынбасары 2003 жылы «Ар» телестудиясында 2004 – 2005 жылдары Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаментінде жұмысты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі 2006 жылы «Отан» РСП, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ төрағасының орынбасары болды. Қазір «Ар.кz» газетінің бас редакторы. «Кемпірқосақ» (1996), «Жаздың ең соңғы күні» (1999), «Бекет ата» (2000) кітаптарының авторы. Республикалық дәрежедегі бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы, облыс әкімінің Құрмет грамотасы (1997), алғыс хаттарымен (2000), бірнеше дипломдармен марапатталған. 2002 – 2003 жылдары «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Дереккөздер
Санат:Тұлғалар