Aбдолла Жаналыұлы ҚосайМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1856 – 1919) – діни қайраткер, ахун. Бұхарадағы Көкілташ медресесінде оқыған. Медреседе араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп шығады. Туған ауылына келгеннен кейін елдің игі жақсылары балаларын оқытып, қаржы жинап, мешіт салуды ұйғарады. Қазан қаласынан арнайы сәулетші, құрылыс шеберлері, ағаш ұсталары шақырылып, Шилібұлақта «Көк мешіт» бой көтереді. Мешітке май шамдар қойылып, түнде де емін-еркін бай кітапхана қорын пайдалануға мүмкіншілік болады. Ахунның 4 ұлы (Әбдіуәли, Әбдіғали, Ақишан, Ахметнияз) және 3 қызы (Қошетер, Сәлима, Мәрзия) болған.

Дереккөздер

Санат:1856 жылы туғандар Санат:Көкілташ медресесінде (Бұхара) оқығандар