Сейілхан ҚоразовМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;(1938, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы– 1996) – педагог. Гурьев педагогика институтын бітірген (1965). 1960 – 1966 жылдары Таушық мектебінде мұғалім, Маңғыстау ауданы өндірістік басқармасында кадр жөніндегі инженер 1966 – 1979 жылдары Таушықта мектеп директоры, оқу ісі жөніндегі орынбасары,аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы 1979 – 1993 жылдары «Ильич», «Куйбышев» кеңшарларында партия комитетінің хатшысы, кеңшар директорының орынбасары 1994 – 1996 жылдары Жыңғылды ауылының әкімі қызметтерін атқарған. «Еңбектегі ерлігі үшін», «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар

Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері