Геологиялық-экономиялық талдау (іздеу-барлау жұмыстарының нәтижелерін)Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.- іздеу-барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында геологиялық, әкімшілік, өндірістік нысандар бойынша және геологиялық-барлау жұмыстарының түрлері мен әдістері бойынша жүргізіледі.
Геологиялық-экономиялық талдау шараларының басты-басты мақсаттары: кен орындарын іздеу және барлау барысын жан-жаңты саралау (іздеудің ең тиімді бағытын қамтамасыз етуге белгіленген жұмыс көлемі мен қаражаттың жеткіліктілігі және ұтымдылығы; жүргізіліп отырған жұмыс түрлерінің, әдістердің және әдістемелердің геологиялық жағдайға сәйкес болуы; геологиялық-барлау жұмыстары жоспарының орындалу барысы; т.с.с); геологиялық-барлау жұмыстарының ең тиімді бағыттарын таңдау нәтижесінде кеннің қорын еселей арттыру мүмкіндіктерін іздестіру; кенді іздеу және барлау әдістемелерін жетілдіру; еңбек өнімділігін арттыру және өнімге тікелей қатысы жоқ шығындарды азайту; геологиялык-барлау өндірісін ұйымдастыру, ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету және жоспарлау шараларын жетілдіру.
Геологиялық-экономиялық талдау төмендегі мәселелерді қамтиды: геологиялық-барлау жұмыстарьн сапалық және сандық тұрғыдан бағалау; жұмыстың сипаты мен көлемін олардың жүргізілу сатысына, түріне және әдісіне сәйкес нақты турде және шығынданатын қаржы тұрғысынан анықтау; тиімділік көрсеткіштерін (шаруашылық-есептік, салалық, халықшаруашылық, салыстырмалы) анықтау және салыстыру; жоспарлаған кезеңдегі жұмыс көлемінің экономикалық тиімділігін арттыруды ңамтамасыз ететін тұжырымдар мен ұсыныстарды жасақтау.
Геологиялық-барлау процесінің ең ақырғы нәтижесін сипаттайтын көрсеткіпггерге баса назар аударылады.
Дереккөздер
Санат:Мұнай және газ геологиясы Санат:Терминология