Шаттыгүл Лесбекқызы Ерғожина (1966 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы) – педагог.

Өмірбаяны 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысып, ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) филология факултетінің 2-курсынан оқудан шығарылған. 1988 жылы оқуға қайта қабылданып, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген (1992).

1992 – 95 жылы Алматы қаласындағы №1 қазақ-түрік лицейінде, 1995 – 2006 жылы №62 лингвистик. гимназияда қызмет еткен.

Желтоқсан жаңғырығы туралы бірнеше мақалалардың авторы. Ерғожина «Желтоқсан алауы» (режиссері Жетіруов) «Азаттық арайы – Желтоқсан» (режылы А.Садат) атты деректі фильмдеріне түскен.

Санат:Қазақстан педагогтары