«Самұрық-Қазына» — әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын инвестициялық холдинг.

Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы «Қазына» орнықты даму қоры мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингін біріктіру нәтижесінде құрылды."Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның ресми сайты, Қор тарихы 2023 жылдың қорытындысы бойынша қордың активі 37 трлн теңгені құрады.Активы фонда «Самрук-Казына» выросли на 10%

Холдингтің құрылтайшысы және жалғыз акционері — Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Басқарма төрағасы — Нұрлан Жақыпов, ал директорлар кеңесінің төрағасы — премьер-министр Олжас Бектенов.«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-тың Жарғысы

Тарихы Қордың негізгі қызметі ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялардағы және басқа да заңды тұлғалардың меншігіндегі мемлекетке тиесілі үлестерді (пакеттерді) басқару.

Қордың жалғыз ғана акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қордың қызметі мемлекеттік активтердің бәсекелес нарықтық ортада тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Алдына қойылған талаптарды орындау мақсатында қор бірнеше сала бойынша басымдықтар анықтады. Олар: мұнай және газ, электр энергетикасы, металлургия, инфрақұрылым және химия өнеркәсібі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды. Қор 2008 жылы алдында жеке дара ұйым болатын «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру негізінде пайда болды. Жаңадан құрылған ұйымның капитализациясын өсіру мақсатында Президент мемлекеттік бюджеттен 5 млрд АҚШ долларын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан 10 млрд АҚШ долларын бөлуді тапсырды "Казына" и "Самрук" сливаются в Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына", Интерфакс-Казахстан, Астана. 13 қазан 2008 жыл .

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының аясында бірнеше ұлттық даму инстиуттары құрылған болатын. Мемлекет меншігін тиімді басқару үшін Сингапурлық "Temasek" холдингінің мысалында мемлекеттік холдинг құру идеясы талқыланды Сингапурский пример, газета Новое поколение .

2006 жылдың қаңтар айында «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы құрылды. Мемлекеттік холдингке «Қазақтелеком», «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы», «Қазақстан темір жолы» ҰҚ», «Қазпошта», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» және басқа 14 акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлестер (пакеттер) өтті. Мемлекеттік холдингтің мақсаты бәсекеге қабілетті тауарлар мен өнімдер шығаруда қосымша құрал ретінде көмек беру болатынОсновные особенности и результаты этапов реформирования собственности, http://www.kgip.kz/aspectOOR.aspx .

«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы 2006 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен құрылған болатын. "Қазына" қорының негізгі мақсаты "Қазақстанның даму банкі", "Ұлттық инновациялық қор", "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры", «Экспорттық кредиттерді және инвестициаларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» Акционерлік қоғамы, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ, "Қазақстандық инвестицияларға қолдау көрсету орталығы" сияқты ұлттық даму инстиутуттарының қызметін жүйелі түрде басқару.

2009 жылы басталған экономикалық дағдарыс Қазақстан басшылығынан дағдарысқа төтеп беретін бағдарламаны талап етті. Бағдарламаны қабылданғаннан кейін оны орындауды үкіметке емес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына орындауға тапсырылдыҚазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру бойынша «Самұрық-Қазына» қорының қызметі.

Қордың басшылығы Қордың ең жоғарғы басқарушы органы - жалғыз үлескер, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі. Басқару органы - Директорлар кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметін басқарма атқарады. Қордың барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқы аудит арқылы бақыланады (2026 жылғы дерек бойынша).

Директорлар кеңесі Олжас БектеновДиректорлар кеңесі - Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Премьер-Министрі Нұрлан Байбазаров - Қазақстан Президентінің көмекшісі Нұрлан Жақыпов - «Самұрық-Қазына» Басқарма төрағасы Болат Жәмішев - Тәуелсіз директор Лука Сутера - Тәуелсіз директор Мұхаммед Жәмил әл Рамахи - Тәуелсіз директор Вонг Хэн Файн - Тәуелсіз директор SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) - Цифрлық тәуелсіз директор

Басқарма мүшелері Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов - Басқарма төрағасыБасқарма Айдар Қайратұлы Рысқұлов - Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Салтанат Ерболқызы Сәтжан - Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор бос орын - Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Бақытжан Рысбекұлы Таубаев - Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор Николай Юрьевич Казутин - Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор Абылайхан Есенұлы Оспанов - Цифрландыру жөніндегі басқарушы директор

«Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компаниялары Холдинг 2025 жылғы наурыз айындағы мәлімет бойынша төмендегі компаниялардың 10%-дан көп акциясына иелік етеді: № Компания Қор үлесі Негізгі қызметі Құрылған жылы Өзге үлескерлер 1 «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ 67,4% мұнай мен газды барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау 2002 20% — Қаржы министрлiгi 9,6% — Ұлттық банк 2 «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ 63% уран мен сирек металдар өндіру 1997 12% — Қаржы министрлiгi 3 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 100% жолаушылар мен жүк тасымалы 1997 — 4 «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ 85% электр энергиясымен жабдықтау 1997 6,9% — «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 5 «Қазпошта» АҚ 100% пошта және қаржылық қызмет 1993 — 6 «Қазақтелеком» АҚ 80,85% телекоммуникация қызметі 1994 9,2% — Telecom Systems Ltd 7 «Эйр Астана» АҚ 41,1% әуе тасымалы 2001 6,5% — «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 8 «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ 100% табиғи газ бен газ конденсатын барлау, өндіру, тасымалдау, өткізу және сақтау 2000 — 9 «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ 100% қатты пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және өткізу 2009 — 10 «Самұрық-Энерго» АҚ 100% электр және жылу энергиясын өндіру 2007 — 11 «Самұрық-Қазына Өңдеу» ЖШС 100% химия өнеркәсібі саласындағы жобаларды әзірлеу және іске асыру 2009 — 12 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 100% құрылыс және жылжымайтын мүлікті басқару 2009 — 13 «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС 100% инвестициялық қызмет 2007 — 14 «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС 100% сатып алу қызметін ұйымдастыру 2007 — 15 «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС 100% сервистік қызметтер 2011 — 16 «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ 100% теңіз портын басқару — 17 «АстанаГаз ҚМГ» АҚ 50% магистральдық газ құбырларының құрылысы 50% — «Baiterek Venture Fund» АҚ 18 «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 50% электр энергиясын өндіру 50% — «Самұрық-Энерго» АҚ 19 «Түркістан БГҚ» ЖШС 100% электр энергиясымен жабдықтау, тарату және сату 2022 — 20 «Өскемен Энерго» ЖШС 50% 2024 50% — «Самұрық-Энерго» АҚ 21 «Кокшетауская ТЭЦ» ЖШС 50% 2024 50% — «Самұрық-Энерго» АҚ 22 «Семей Энерго» ЖШС 50% 2024 50% — «Самұрық-Энерго» АҚ 23 SK-AIH Investment Fund Ltd. 50% инвестициялық қызмет 2024 50% — Azerbaijan Investment Holding 24 «Phystech II» АҚ 100% мұнайды барлау және игеру 2015 — 25 «Топаз-НС» ЖШС 100% 2012 —

«Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы қорлар мен мекемелер «Самғау» Ғылыми-Технологиялық Бастамалар Орталығы» Жеке қоры «Әлеуметтік әріптестік орталығы» корпоративтік қоры «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қоры «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы» жеке меншік мекемесі «Samruk Business Academy» жеке меншік мекемесі

Қоржын компаниялардың қаржылық көрсеткіштері + 2021 жылдың қорытындысыҚоржын компаниялар № Компания аты Активтері (млрд) Табыс Таза пайдасы Өз капиталы 1. «ҚазМұнайГаз» АҚ 13 652 5 839 1 197 8 159 2. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ 3 604 1 329 121 1 272 3. «KEGOC» АҚ 1 093,2 186,4 52,6 737,1 4. «Қазақтелеком» АҚ 1 235 594 97 644 5. «Қазпошта» АҚ 110,5 47,5 -7,2 33,7 6. «Эйр Астана» АҚ 475 324 15,5 27,6 7. «Qazaq Air» АҚ 29,2 12,7 -6,5 -11 8. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 165,7 14,3 9,7 60,7 9. «Самұрық-Энерго» АҚ 940 333 15 503 10. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ 1 951,5 691 220 1 537,1 11. «Самұрық-Қазына Өңдеу» ЖШС 1 129 36 -0,039 242 12. «Тау-Кен Самұрық» АҚ 789,7 724,2 71,9 734,2

Басқарма төрағалары № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі 1 99px Сауат Мыңбаев 31 қаңтар 2006 27 тамыз 2007 2 99px Қанат Бозымбаев 27 тамыз 2007 13 қазан 2008 «Қазына» орнықты даму қоры 1 99px Қайрат Келімбетов 19 сәуір 2006 23 қаңтар 2008 2 99px Арман Дунаев 23 қаңтар 2008 13 қазан 2008 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 1 99px Қайрат Келімбетов 13 қазан 2008 11 сәуір 2011 2 99px Тимур Құлыбаев 12 сәуір 2011 26 желтоқсан 2011 3 99px Өмірзақ Шөкеев 26 желтоқсан 2011 23 желтоқсан 2017 4 99px Ахметжан Есімов 23 желтоқсан 2017 29 наурыз 2021 5 99px Алмасадам Сәтқалиев 29 наурыз 2021 3 сәуір 2023 6 99px Нұрлан Жақыпов 3 сәуір 2023 —

Әлемдік қаржы дағдарысы БТА Банк ісі

Альянс Банк

Әлеуметтік жобалар Сарапшы клубы Негізгі мақала: Сарапшы (клуб)

«Сарапшы» клубы – қордың қызметіне қатысты барынша маңызды проблемалар мен әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талқылауға арналған ақпараттық және аналитикалық алаң. Клуб «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Пікірталас клубының шеңберінде белгілі саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов арнайы шақырылған саясаткерлермен және ғалымдармен, мемлекеттік аппарат өкілдерімен және сарапшылармен, публицистермен және кәсіпкерлермен пікір алмасады. Шақырылған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көкейкесті мәселелерді тиімді шешуге бағытталған маңызды пікірталастардың куәсі болып қана қоймай, сонымен бірге талқылауларға қатысатын мамандарға сұрақтар қою мүмкіндігіне ие http://www.samruk-kazyna.kz/page.php?page_id=4013&lang=2&parent_id=4013.

Astana Pro Team Негізгі мақала: Астана (велоклуб)

Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ "Pro Team Astana" деп аталатын қазақстандық кәсіби велоклубтың негізгі демеушісі. Клуб 2006 жылы "Астана" деп атала бастады. Қор 2008 жылдан бастап бас демеуші болып келеді. Оған дейін клубты қаржылай бірнеше қазақстандық компаниялар тобы қолдаған болатын.

Astana Негізгі мақала: Астана (автоспорт)

Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ " КАМАЗ Мастерс саласы бойынша Дакар жарысытарында өнер көрсететін қазақстандық Астана командасын Бас демеуші ретінде қолдап келеді.

"Қазақша Уикипедия" жобасы Негізгі мақала: Қазақша Уикипедия

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ 2011 жылы әлемдік ашық және онлайн "Wikipedia" энциклопедиясының қазақ тіліндегі тармағын дамыту идеясын бастаған болатын. Бұл мақсатта қазақ тілді Уикипедияшылардың ниетімен құрылған "WikiBilim" қоғамдық қорына демеушілік көрсететіндігін хабарлады. Жоба аясында өтетін бәйгенің жеңімпаздарына, 100 мақала жазған 100 авторға "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ ноутбуктер тапсырады.

2011 жылдың 16 маусымында Алматы қаласында "Қазақша Википедиа" жобасының басталғандығы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Сол жолы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев қазақ тілді Уикипедияшыларға және тіл жанашырларына арнап хат жолдады. Тимур Құлыбаев хатында былай дейді:

Ешқандай шекараны мойындамайтын интернет жүйесінде бір ғана егемендікке мүмкіндік бар, ол – тілдік егемендік. Әлемдік жүйеде қазақ тілінің ауқымды орын иеленуі – тілді дамыту мен сақтаудың маңызды факторы болып табылады.