Бердібай Сарбалаев (1935, Маңғыстау ауданы, Тұщыбек ауылы – 2003, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы) – кеңес қызметкері, еңбек ардагері.
Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік физкультура институтын (қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы, 1956) бітірген. Алматы жоғары партия мектебін (1973) бітірген. 1956 – 92 ж. жергілікті мектептерде мұғалім, директор Маңғыстау аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, партком хатшысы Маңғыстау аудандық кеңесі атқару комитетінің орынбасары Бейнеу аудандық атқару комитетінің төрағасы болған.
Марапаттары 4 рет Қызыл Ту ордені «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалі.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер
Санат:1935 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Маңғыстау ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Бейнеу аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері