Қуанышбай Талымжанұлы Мәмбетов (1933 жылы туған, Қызылорда облысы Арал ауданы Құланды ауылы) — заң қызметкері, Қазақ КСР-інің еңбегі сіңген заңгері. Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген (1953). 1953 – 1973 жылдары Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында сот жүйесінде әр түрлі қызметте болды. 1973 – 1988 жылдары облысы соттың төрағасы, 1988 – 1989 жылдары облыстың тарауына байланысты Атырау облысы соты төрағасының орынбасары, Жезқазған облысы сотының төрағасы қызметтерін атқарды. 1990 жылы облысы соттың төрағасы болып қайта сайланды. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар