Жолдасбек Құрманқұлов (10.02.1948 жылы туған, Созақ аулы) - археолог, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты (1978). 1971 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Еңбек жолын 1972 жылы Қазақстан FA Тарих, археология және этнография институтының археология бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. 1998— 2004 жылы Ә.Х.Марғулан атындағы Археология институты директорының орынбасары, 2004 жылдан бөлім меңгерушісі. 1982 жылдан Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі. 2001 жылы Қазақ- итальян археологиялық экспедициясын, 2004 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясын ұйымдастырған. Негізгі ғылыми бағыты — кола ғасыры (палеэкономика, көне металлургия, т.б.). Оңтүстік Қазақстанда қала жұртын, жартас суреттерін зерттеуге зор үлесін қосқан. 160-қа жуық ғылыми мақаласы, оның ішінде 4 монографиясы жарық көрген.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар

Санат:1948 жылы туғандар