Балта Өтетілеуов (1943, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы – 2003) – педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты (1977).
Өмірбаяны Алматы медицина институтын (қазіргі С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1965). 1965 – 73 ж. Маңғыстау ауданында дәрігер. 1976 – 80 ж. Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы) кіші, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
Ғылыми еңбектері Өтетілеуовтің негізгі ғылыми жұмысының бағыты балалардың бүйрек ауруын анықтап, оны емдеуді жетілдіруге арнаған. Ол 60 ғылыми-зерттеулік жұмыстарының авторы.
Марапаттары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1-дәрежелі дипломы «Әл-Фараби» (1986) медалі «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер
Санат:1943 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан педиатрлары Санат:Медицина ғылымдарының кандидаттары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы тұлғалары Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Әл-Фараби медалінің иегерлері