Бегалы Озғанбаев (1938 жылы т., Маңғыстау ауданы Жаңажол ұжымшары, Аусары жері) – ауыл шаруашылығы саласының маманы.

Өмірбаяны Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1961). 1961 – 72 ж. Маңғыстау ауданы Бозащы, 1-Май ұжымшарларында бас зоотехник 1972 – 86 ж. Қарақия (Ералиев) ауданы, «Сенек», «Қарақұдық» кеңшарларында бас зоотехник 1986 – 98 ж. Қарақия ауданына қарасты «Құланды» жылқы кеңшарында директор болды.

Марапаттары «Құрмет белгісі» (1980) ордені Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы (1966) КСРО ХШЖК-нің күміс медалімен марапатталған.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;

Дереккөздер

Санат:1938 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі күміс медалінің иегерлері