Кенжеғұл ҚашақовМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1924, бұрынғы Гурьев облысының Шевченко ауданы– 1973, Ақтау қаласы) – милиция қызметкері. Жоғары милиция мектебін бітірген (1960). 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947 – 1965 жылдары Шевченко аудандық ІІБ-де инспектор, аға инспектор, аға тергеуші 1965 – 1970 жылдары Маңғыстау ауданы милиция бөлімі бастығының орынбасары, бөлімше бастығы 1973 жылы облысының ІІБ-де бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Қызыл жұлдыз орденімен, «ІІМ-де үздік қызметі үшін» белгісімен, «Ерлігі үшін» және бірнеше медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар