Сенімді символдар әдісі - Сенімді символдармен қабылдау әдісі біртіндеп қабылдау әдісі мен бірден қабылдау әдісі арасындағы әдіс. Бұл әдіс кез келген кодалық комбинациядағы ақпаратгық символдардан артығын өшіріп тастап (алып тастап), қалған символдармен берілген хабар бөлігін (әріпті) анықтауға негізделген. Егер осылай анықталуға келмесе, онда алып тасталынған символдардың сенімдірегін қосып анықтайды. Бірінші шешуші схемада сигналдың кездейсоқ N шамалары символдарға айналдырылады. Сонымен қатар олардың кейінгі (апостериорлық) ықтималдығы анықталып, солардың ішінен ықтималдығы көп символдар іріктеліп, екінші шешуші схемаға беріледі. Осы (апостериорлық) ықтималдығы көп символдарды сенімді символдар деп санап, сол сенімді символдар комбинациясына сәйкес хабар бөлігін (әріпті) анықтайды. Егер сенімді символдар комбинациясы белгілі әріпті тура анықтаса, онда шешім қабылданып, кодадан шығару жұмысы аяқталады. Егер іріктелген сенімді символды комбинация берілген бір әріпті тура анықтаса, (екі немесе одан да көп комбинацияларға бірдей сәйкес келуі мүмкін), онда қалған (іріктеліп алынғаннан қалған) символдардың ішінен кейінгі (апостериорлық) ықтималдығы көп символдардың біреуін алып бұрынғы іріктеліп алынған символдарға қосып, екінші шешуші схема жұмысын қайтадан жүргізеді. Сөйтіп, жұмыс белгілі бір комбинацияны тура анықтағанша немесе барлық символ қаралып біткенше созылады. Бірақ бұл әдістің дәлдігі бірден қабылдау әдісіндегі дәлдікпен төмен. Өйткені сенімділігі төмен символдардың мәліметтері пайдаланылмай қалады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника