Денис Юрьевич Тен (13 маусым 1993 жыл, Алматы – 19 шілде 2018 жыл, Алматы) — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудың чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Ванкувердегі Олимпиадада Тен өз деңгейінде өнер көрсетіп 76.34 ұпаймен 10-орынға жайғасты. Ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 8-орын (2009 жылғы сәуір), 9-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (2009 жылғы ақпан), ал 2013 жылы — әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 4-орын (2009 жылғы наурыз), жасөспірімдер арасында «Гран При» сериясы бойынша өткен әлем кубогы кезеңінің 1 орын иегері (2008 жылғы қазан). Биылғы маусымда ересектер арасындағы «Гран-при» сынының қос кезеңіне қатысып, 7 және 10-орындарды иеленді. Әлемдік рейтингте 18-орында тұр. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 266,48 (2013 ересектер арасындағы ӘЧ). 2014 жылы Қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды.http://kaz.tengrinews.kz/allsports/denis-ten-oz-nagradasyin--kazakstandyiktarga-tartu-ett-971/
Өмірбаяны Тен Алматы қаласында туған және корей ұлтының өкілі болып табылады. Денис Корей империясы кезінде даңқты қолбасшысы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы. Калифорниядағы Лос-Анжелес қаласында жаттықты.
2018 жылғы 19 шілдеде пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды.Денис Тен қайтыс болды Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/denis-ten-kaytys-boldy_a3325390
Мансабы Конькимен мәнерлеп сырғанауды денсаулық тобында үйренеді. Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, Денис басқа спорт түрлерімен, атап айтқанда, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне барған.
Музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан.
2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы Хор Олимпиадасында күміс медаль иеленді.
Кейіннен мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойды. 2003 жылы "Хрустальный конек" турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. Тен ересек спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді. Бірақ халықаралық деңгейде келесі жылдан бастап көрінеді, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар Одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болады. 2010 жылы Нидерланддағы Гран-при жасөспірімдер этапында оныншы болды.2014 жылы өткен Сочи олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені алып берген спортшы.Сочи қысқы олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаудан қола жүлде иегері.
Бағдарламалар thumb|200px|Тен 2009 жылғы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында. Маусым Қысқа бағдарлама Ерікті бағдарламасы 2014—2015 Карузо Лучо Далла (исп. Джозеф Каллея) Ambush from Ten Sides Йо-Йо Ма Silk Road Ensemble Vocussion Ким Дон Вон, Дандеп Дас, Марк Сутер, Джозеф Грэмли, Шейн Шенахан 2013—2014 Өлім биі Камиль Сен-Санс (Лори Николь қойылымы) Ханым және тентек Дмитрий Дмитриевич Шостакович (Лори Николь қойылымы) 2012—2013 «Әртіс» к/ф-нен саундтрек <small>Людовик Бурсе 2011—2012 Элегия ор. 3 Сергей Рахманинов (Лори Николь қойылымы) «Adios Nonino» Астор Пьяццола (Лори Николь қойылымы) 2010—2011 «Primavera Porteno» Астор Пьяццолла(Стефан Ламбьель қойылымы) «Өлім биі» Ференц Лист (Лори Николь қойылымы) 2009—2010 «Sing, Sing, Sing» Луи Прима Пасодобль Аранхуэс концертінен Хоакин Родриго 2008—2009 Фламенко және «Бір жолы Мексикада» к/ф-нен саундтрек Брайан Сетцер Фортепиано үшін концерт № 2 <small>Сергей Рахманинов 2007—2008 Фламенко және «Бір жолы Мексикада» к/ф-нен саундтрек Брайан Сетцер Сюита Пер Гюнт Эдвард Григ 2006—2007 «Фауст» операсының тақырыбына Фантазия <small> Шарль Гуно «Маска» к/ф-нен саундтрек Рэнди Эдельман және «Moonlight Serenade» Гленн Миллер «Chatanooga Choo Choo» және «Summertime» <small>Джордж Гершвин
Спорттағы жетістіктері
2010 жылдан кейінгі нәтижелері Сайыс 2010—2011 2011—2012 2012—2013 2013—2014 2014—2015 Қысқы Олимпиада ойындары 3 Әлем чемпионаты 14 7 2 3 Төрт құрлық чемпионаттары 6 12 4 1 Жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты 4 Қазақстан чемпионаты 1 Гран-при кезеңдері: Trophée Eric Bompard 3 Гран-при кезеңдері: Cup of Russia 9 Гран-при кезеңдері: Skate Canada 5 6 Гран-при кезеңдері: Skate America 11 5 4 Гран-при кезеңдері: NHK Trophy 12 Nebelhorn Trophy 9 7 WD Загреб Алтын конькиі 2 1 Қысқы Универсиада WD Қысқы Азиа ойындары 1 Mentor Nestle Nesquik Cup 1 Istanbul Cup 1
2010 жылға дейінгі нәтижелері Сайыс 2004—2005 2005—2006 2006—2007 2007—2008 2008—2009 2009—2010 Қысқы Олимпиада ойындары 11 Әлем чемпионаты 8 13 Төрт құрлық чемпионаттары 9 10 Жасөспірімдер мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 26 16 4 9 Қазақстан чемпионаты 4 1 2 1 Гран-при кезеңдері: Skate Canada 7 Гран-при кезеңдері: Cup of China 10 Ондрей Непела мемориалы WD Загреб Алтын конькиі 1 Финал 5 Юниорлар Гран-при кезеңдері, Белоруссия 1 Юниорлар Гран-при кезеңдері, Франция 4 Юниорлар Гран-при кезеңдері, Эстония 10 Юниорлар Гран-при кезеңдері, Румыния 6 Юниорлар Гран-при кезеңдері, Нидерланд 10 Hellmut Seibt Memorial 1J. NRW Trophy 1J. 4Результаты NRW Trophy 2008 Haabersti Cup 1J. Dragon Trophy 1J. Coupe Internationale Nice 1N. N = балалар деңгейі; J = жасөспірімдер деңгейі; WD = конкурстан шығып қалған
Дереккөздер
Санат:13 маусымда туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:1993 жылы туғандар Санат:19 шілдеде қайтыс болғандар Санат:2018 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстанның Олимпиада қола жүлдегерлері Санат:Қазақстанның Қысқы Олимпиада жүлдегерлері Санат:Қазақстан мәнерлеп сырғанаушылары Санат:Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Төрт құрлық турнирінің чемпиондары Санат:2010 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаушылары Санат:2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаушылары Санат:Алфавит бойынша мәнерлеп сырғанаушылар