Гасан Абдуселимович Гасанбеков (1946 жылы туған, Әзірбайжан, Баку) – спортшы. ҚР дене шынықтыру және спортына еңбегі сіңген қайраткері.

Волгоград мемлекеттік физкультура және спорт институтын бітірген. 1968 – 1973 жылдары Жаңаөзен қаласы Мұнара монтаждау кеңсесінде слесарь, 1973 жылдан Жаңаөзендегі дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы.

ҚР Туризм және спорт министерінің Құрмет грамотасымен марапатталған.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:1946 жылы туғандар Санат:Бакуда туғандар Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген спорт қайраткерлері Санат:Волгоград мемлекеттік физкультура және спорт институты түлектері