Бүртікті сораң, тітір (Salsola gemmascens) – сораң туысына жататын шала бұта. Сазбалшықты, сортаңды және тақырларда өседі. Биіктігі 15 – 50 см. Өсімдік түбінен бастап бұтақтанып, сыртын тұтас қабыршақ басқан. Сабақ бойындағы жапырақ қолтығынан және бұтағынан шар тәрізді бүртіктер шығады. Жапырақтары қысқа біз тәрізді, үшқырлы, өркенге кезектесіп орналасады. Сары не қызғылт түсті, дара гүлі масақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Бүртікті сораңды түйе жақсы жейді, құм бекітуде, отын ретінде пайдаланады.«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;

Дереккөздер

Санат:Қызылқұйрық тұқымдасы