Термоэлемент - тізбектей жалғанған әр текті өткізгіштер мен шалаөткізгіштерден тұратын, жылу энергиясын электр энергиясына (немесе керісінше) түрлендіруге арналған, іс-әрекеті термоэлектрлік құбылыстарды пайдалануға негізделген электр тізбегі (немесе тізбек бөлігі).

Егер термоэлемент түйіспесін әр түрлі температурада ұстаса, онда тізбекте ТЭҚК пайда болады, ал тізбекті тұйықтаса, электр тогы пайда болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0

Дереккөздер

Санат:Электроника