right|thumb|200px Аман Кекилов (, 1912 жыл, қазіргі – 1974 жыл, ) — кеңестік және түрікмен ақыны, әдебиеттанушысы, Түрікменстан халық жазушысы (1967), Түрікменстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1960), Түрікменстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979), Түрікмен КСР Мемлекеттік әнұраны сөзінің авторы (1946), Шалы Кекіловтың інісі.
Түрікмен әдебиеттану ғылымын калыптастырып, дамытуда зор еңбек сіңірді. «Молланепес» (1957), «Әдебиет теориясы» (1961) атты монографияларында көркем туындының идеясы, тілі, стилі тұралы ғылыми талдама жасап, Мухаңның бірқатар пікірлерін мысалдан келтірген. Кекилов өзінің «Мұхтар Әуезовке ескерткіш» өлеңінде («Қазақ әдебиеті», 21 мамыр 1963) ұлы жазушының көркем мұрасы көзі тірісінде өзіне орнаткан мәңгі ескерткіш екенін тебірене жырлаған.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
Дереккөздер
Санат:1912 жылы туғандар Санат:1974 жылы қайтыс болғандар Санат:Түрікменстан жазушылары Санат:Түрікменстан ақындары