Жалпы географиялық ықшамдылық: 1) аумақ пішінінің сипаттамасы. Ауданы бірдей екі аумақтың шеңберге жақын нысандағысы ықшам келеді, өйткені оның шеткі нүктелеріне жетудің жиынтық мүмкіндігі жеңілдеу болады; 2) нысандардың әркелкі орналасуы көрсеткіштерінің бірі. Ықшамдылық критерийі аудан ішіндегі байланыстарды есепке ала отырып аумақты әлеуметтік-экономикалық және әкімшілік аудандауда өте маңызды.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия