Жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы Съез Орынборда 5-13 желтоқсанда болып өтті. Бөкейліктен - Ғабдулла Мұқашев, Жұмалиев Мауби, Көшеков Ижан, Малқашев Ибрагим, Әжігереев Сейітхан. Орал облысынан: Дәулетше Күсепқалиев, Ипмағамбетов Нұрғали, Нұрмұхамедов Хасен, Жамашев Тақберген, Есенқұлов Керей, Досжанов Ғабдулла, Кенжин Аспандияр, Қалменов Нұрахмет, Әлімбеков Ғабдолла, Айсарин Дәулетияр. Торғай облысынан: Қадырбаев Сейдәзім, Алмасов Омар, Шәуменов Намазбай, Елшин Сағынай, Алдияров Әбубәкір, Ысқақов Сұлтанғазы, Бәтішов Кәрім, Бекентаев Құсайын. Ақмола облысынан: Мырзалин Жаналы, Ғайсин Жәнібек, Молдыбаев Иса, Күрлеуітов Балға, Жұмабаев Мағжан, Жақанов Сейітжан, Жанбаев Есет, Ғабдуллин Камалетдин, Баушов Құл Семей облысынан: Оразалин Жұмеке, Құнанбаев Тұрағұл, Ермеков Әлімхан, Ғаббасов Халел, Шегіров Ахмет, Бердалин Қабыш, Барлыбаев Ахметолла. Жетісу облысынан: Айдабосынов Өмірәлі, Отарбаев Жарылғасын, Смағулов Мәнке, Тергеусізов Иса, Сабатаев Сатылған, Хамитов Нәжіп, Жақыпбаев Нусіпбек. Сырдария облысынан: Кенесарин Әзімхан, Сарымсақов Иманбек, Ержігітов Иманберді, Алдабергенов Серқұл, Байзақов Мәулемқұл, Ақжолов Есет. Самарқанд облысынан: Шағымарданов Сағадат. Съез шақырушылар: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омаров, Сағындық Досжанов, Міржақып Дулатов. Түрлі ұйымдардан һәм газеттерден: Мұртаза Нүрсейітов, Мұртазин Ғабдрахман, Өлкешев Ғабдулғазиз, Күлеев Бернияз, Жүндібаев Әбдіхамит, Мусин Ғабдулғазиз, Кемеңгеров Қошмұхамед, Болғанбаев Хайретдин. Арнап шақырылғандар: Бақтыгерей Құлманов, Жаханша Досмұхамедұлы, Ғұмар Қараш, Ғүбайдулла Ешмүхамедов, Мағдий Мақұлов, Қайырша Ахметжанов, Халел Досмұхамедұлы, Ишанғали Арабаев, Ахметкерей Қойбақов, Уәлитхан Танашев, Жанқожа Мергенов, Салық Қарпықов, Отарбайқажы Қондыбаев, Мұстафа Шоқай, Ілияс Жанқарин. Съез бастығына сайланғандар: Председателі - Бақтыгерей Құлманов. Серіктері: Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхамедұлы, Әзімхан Кенесарин, Ғұмар Қараш. Секретарьлары: Дәулетше Күсепқалиев, Міржақып Дулатов, Сейдәзім Қадырбайұлы. Мәжіліс ашылар алдында Әлихан Бөкейхан: былтырдан бері шаршы топта сөйлеп, бәйгі алған, осы Съезге де шақырылған ардақты, шешен Ораз ақсақал Тәтіұлы опат болды. Мәжілісті «марқұм Оразға дұға қылып басталық», - деді. Жиналған жұрт марқұм Ораздың рухына дұға қылып кірісті. Мәжіліс ашылған соң, өкілдер елдерінде болып жатқан оқиғалар жайынан мағлұмат беріп, мұнан кейін түрлі жерден Съезді құттықтаған телеғрамдар һәм Орынбор муфтиі Ғалымжан құзыреттің құттықтау хаты оқылды. Жер-жерде болып өткен жиын мынадай нәрселерді білді: қазақ халқы земство һәм Учредительное собрание сайлауына айрықша көңіл қойып кірісті. Көп жерде уездік земство сайлаулары біткен. Көп зездерде Учредительное собрание сайлаулары біткен. Сырдария облысының қазақтары Учредительное собрание сайлауы тақырыпты біріге алмапты. Партияға бөлініп, бірнеше список кіргізген. Сондықтан Сырдария облысынан қазақ депутаты біреу-ақ болатын түрі бар. Былтырғы 25 маусым жарлығы тақырыпты ескі үкіметке қарсылық қыламын деп жанжал шығарып, Жетісудың босқын қырғыз-қазағының көбі нашар, аштан қырылып, қатын-баласын сатып жатыр екен. Әулие-ата һәм Пішпек уездерінде ашаршылық (үнның пұты 25 сом). Бұл ар астықты Ақмола облысының жақын узездерінен алады екен. Бірақ, тасуға көлік жетпей қиын болып тұрған көрінеді. Хиуа қол астындағы қазақтарға түрікмендерден шабыншылық көріп, ашаршылықтан Темір һәм Ақтөбе уездеріне ауып келіпті. Жәрдемге мұқтаж Жизақ уезінде тәртіп жоқ. Қазақтың әзі біріне-бірі шауып, малдарын қуып алысып, бұл ініп жатыр. Жергілікті хакімдердің тоқтау салу қолдарынан келер емес. Жизақ уезіне қараған арғындар Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына қосылуды тілейтіндігі мәлім болды. Башқұрт өкілі Ахмет Заки Валиди Орынбор мұсылман ғаскері, Шора өкілі, пропорщик Баширов, «Яңы уақыт» газетінің бас жазушысы Т.Кәрімов, Орынбор ғаскері округінің өкілдері Тимофей Седельников, Ғабдолларов, Язданов һәм басқалар Съезді құттықтап, қазақ халқын бірлікке үндеді. Жер-жерде болған оқиғаларды тексергеннен кейін Съез мынадай қаулылар шығарды: Халық арасындағы алалық, партиялылықты жою үшін бірлікке үндеуге Съез атынан жұртқа баспасөз таратылсын. Мұны жазуды Съез Міржақып пен Ахметке тапсырды. Бұл іншілікке, ашаршылыққа ұшыраған Жетісу қырғыз-қазағына һәм түрікпеннен талан-тараж көрген қазақтарға да бүкіл қазақ облыстары болып жан басы бір сомнан жәрдем берсін. Бұл ақша байға байша, жарлыға жарлыша әділдікпен бөлініп жиналсын. Бұл ақшаны тез жиып тапсыру жергілікті управаларға міндет. Ақмола облысынан астық тасу үшін Пішпек һәм Әулие-ата уездерінің қазақтарына көлігінің майын алып, Қарқаралы, Ақмола, Атбасар, Көкшетау һәм Қызылжар уездерінің қазақтары түйе берсін. Жизақ уезіндегі бұл іншілік, тәртіпсіздікті тоқтатсаңыз екен деп Түркістан автономиясының хүкіметінен өтінуге. Учредительное собрание сайлауында бір ғана тізімге тас салуды өтініп, Сырдария облысының халқына телеграмма беруге. Жизақ уезіндегі арғындардың Алаш автономиясына қосыламыз деген тілегін мақұлдап, бұл туралы Түркістан автономиясының үкіметіне сөйлесуге қазақ-қырғыз істерін билейтін ұйымға тапсырылатын болды. Түркістан автономиясын құттықтауға һәм Орынбор муфтиінің Съезді құттықтаған хатына қарсы жеделхат беруге.

Съезде қаралуға қойылған мәселелер: Сібір, Түркістан автономиясын һәм Оңтүстік-шығыс одақ туралы. Қазақ-қырғыз автономиясы. Милиция. Ұлт кеңесі. Оқу мәселесі. Ұлт қазынасы. Муфтилік мәселесі. Халық соты. Ауылдық басқару. Азық-түлік мәселесі. Әлихан Бөкейхан Сібір, Түркістан автономиясы һәм Оңтүстік-шығыс одағы туралы баяндама қылды. Әлиханның баяндаамсын тексеріп һәм бұл туралы сөйлеушілерді тыңдағаннан кейін Съез қаулы қылды: Әлихан баяндамасын, қазақ автономиясы, милиция һәм Ұлт кеңесін құру мәселелерін қарауға 7 кісілік комиссияға беруге, бұл комиссия тағы да әзіне мағлұматты адамдар қосып алуға ерікті делінді. Мұнан кейін оқу мәселесі қаралды. Бұл туралы Міржақып Дулатов баяндама қылып қазіргі уақытта қазақтың мектеп-медресесі, оқытушы һәм әдебиет құралы аздығгын айтып, Ұлт мектебін көбейту һәм оқытатын құрал молайту керектігін көрсетті. Съез Міржақып Дулатовтың баяндамасын бап-бабымен тексеріп, Ұлт мектебін көркейтуге ешкімнің таласы жоқ екенін еске алып, алдымен қазақ тілінде бастауыш һәм орта мектепте оқытатын оқу құралдарын жетістіру үшін білікті адамдардан айрықша оқу комиссиясын құруды мәслихат көріп һәм бұл туралы сөйлеушілердің пікірін естіп қаулы қылды: Қазақ-қырғыз тілінде бастауыш һәм орта мектептер ашып, оқу құралдарын шығаруға 5 кісіден комиссия құрылсын. Шет кісіден комиссия өзіне жолдас қосып алуға ерікті болсын. Комиссия Ұлт кеңесі қайда болса, сонда тұрсын. Оқу құралдарынан басқа комиссияның істейтін істері: Ұлт мектептеріне бағдарлама жасау. Мұғалімдер қалай оқыту тәртіптерін үйрететін жолбасшы кітаптар жазу. Тәрбие жайынан кітаптар жазу. Бүкіл қазақ-қырғызға оқу ісін қалай жүргізу туралы жоба шығару. «Қазақ» емлесін тексеріп, түзету. Қазақ-қырғыз тіліне пайдалы кітаптарды тәржімә ету. Комиссия 1918 жылдың басында іске кірісіп, комиссия жиналысымен істейтін істеріне толық бағдарлама жасап, мәслихат арқылы жария қылсын. Комиссия іске кіріскен күннен бастап, әрбір жарты жылда мәслихат арқылы не істейтіні туралы халыққа есеп беріп отырсын. Әрбір жазылып даяр болған кітап тоқтаусыз басылып отырсын. Жазылған кітаптардың неше дана басылатынын һәм олардың бастыру үшін қанша ақша керек болатынын комиссия мөлшердегі ақшаны облыстық земстволар тоқтаусыз жинап тапсыруға міндетті болсын. Яки бұл ақша халық қазынасынан алынатын болсын. Комиссия ағзаларынан басқа өзге кісілердің жазған оқу кітаптарын комиссияның ұйғаруымен ғана мектептерде қолданылсын. Шет кісілердің мұндай ұнамды кітаптарын жазушылардың ырзалығымен комиссия алып бастырсын. Шет кісілердің кітаптарын комиссия ұнатпаса, не себептен ұнатпағанын газет жүзінде жария қылсын. Шет кісілердің кітаптарын тексергенде (комиссия) мәжіліске жазушының өзі де ағза ретінде (есебінде) болып кірсін. Комиссия шығарған кітаптар алғашқы 3 жылда неше рет басылса да, халық мүлкі болсын. 3 жылдан кейін жазушылардың өз мүлкі болсын. Комиссия бағдарламасындағы міндетті қызметтерін бітіргеннен кейін, халыққа есеп беріп тарасын. Тарарда қолындағы кітаптарын һәм калған ақшасын бүкіл қазақ-қыргыз істерін басқаратын мекеменің көрсеткен орнына тапсырсын. Комиссияның 1918 жылғы шығыны мынадай: 5 ағзаның әрқайсысына айға 800 сомнан, бәріне 1 жылға 48 мың сом, жылдық пәтеріне 1800 сом, материал үшін 6000 сом, кеңсе 2400 сом.

Автономия мәселесі Түркістан автономиясының министрі Мұстафа Шоқайұлы Түркістан автономиясы жайын баяндады. Мұстафа Шоқайұлының сөзіне қарағанда Жетісу һәм Сырдария облысыының қазақтары Түркістан автономиясына әлі қосылмағандығы баяндалады. Түркістан уәлаятының өкілдері қазақ-қырғыз баласының бас қосылатын кез осы екенін һәм Алаш автономиясы ығлан етілсе, өздерінің қосылатындығын білдірді. Орынбор қазақ-орыс әскерінің 3 округ өкілі... Съезді құттықтап қазіргі бүліншіліктен құтылу үшін Оңтүстік-шығыс одаққа қосылыңдар деді. Комиссия атынан Халел Ғаббасұлы автономия, милиция һәм Ұлт кеңес туралы баяндама қылды. Автономия туралы Халел баяндамасын тексеріп, қазан аяғында уақытша үкімет түскенін, Ресей мемлекетінде халыққа сенімді һәм беделді хүкіметтің жоқтығын хакімшілік жоқ болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кететіндігін, бассыздық күшейіп, бүкіл мемлекет бүліншілікке ұшырап, күннен-күнге халықтың күйі нашарлауын һәм бұл бүліншілік біздің қазақ-қырғыздың басына да келу ықтималын ойлап, бүкіл қазақ-қырғызды билейтін хүкімет керектігін ескеріп Съез бірауыздан қаулы қылды: Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары Ферғана, Самарқанд облыстарындағы һәм Амудария бөлімдеріндегі қазақ уездер Закаспий облысындагы һәм Алтай губерниясындагы іргелес облыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына Ұлттық, жерлі автономия құруға. Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын. Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын. Алаш автономиясының низамын Бүкілресейлік құрылтай жиналыс бекітеді. Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтардың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген Ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады. Алаш автономиясының қол астында жерсіз халықтар болса, оларға Ұлт һәм мәдени автономия беріледі. Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсаты мен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. «Алашордасының» ағзасы - 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады. Алашордасы халық милициясын құруға ынтымақпен кірісуге міндетті. Алашордасы тез уақытта Алаш автономиясының Құрылтай жиналысын /Құрылтай/ шақыруға міндетті болсын. Алаш құрылтайының сайлау тәртібі жалпы Ресейлік құрылтай сайлауы ретінде болсын. Алашордасына Съез тапсырды: а/ Ұлт қазынасына қарыз ақша алуға. б/ өзғе автономиялы көрші халықтармен одақтасу жайына сөйлесуге, бірақ мұның шарттарын бекітуші Алаш Құрылтайы. Ұлт Құрылтайына Алашордасы автономия низамының жобасын даярлап кіргізеді. Автономияны қашан ығлан ету тақырыпты Съезге 2 пікір айтылды. Бірсыпыра өкілдер автономияны қазір ығлан етелік деді. Екінші жағы автономияны ресми ығлан етуді Алашордасына тапсыралық. Әуелі милициямызды құрып алалық. Түркістан қазағымен сөйлеселік. Сонан кейін ығлан етілсін. Мұнымыз саяси әдіс болар дейді. Бұл мәселені шешу үшін өкілдердің аттары аталып, тас салынды. Алаш автономиясы күні бүгін ресми ығлан етілсін деп тас салғандар: