Саяси дағдарыс - қоғамның саяси жүйесінің қызметі мен дамуындағы ерекше жағдай, әсіресе, оған мемлекеттік-биліктік құрылымындағы саяси институттар қызметіндегі түрақсыздық, тепе-теңдікті жоғалту, экономикалық үрдістерді басқару деңгейінің төмендеуі, бұқараның сыни белсенділігінің өсуі сияқты құбылыстар тән.
Саяси дағдарыс өз дамуында бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді: қоғамның немесе саяси жүйенің дағдарыс алдындағы жағдайы; өкіметтің қоғам алдындағы мәселелерді саяси құралдармен шеше алмауға қабілетсіздігін көрсететін дағдарыстың туындауы; дағдарыстың дамуы, әрі шиеленісуі.
Қоғамның саяси жүйесі шеңберіндегі ішкі саяси дағдарыстар: 1) конституциялық дағдарыс (мемлекеттің негізгі заңының қызметін тоқтатуын білдіреді); 2) өкіметтік дағдарыс (өкімет беделінің жоғалуы); 3) ішкіпартиялық дағдарыс (саяси партияның жікке бөлінуі).
Сонымен бірге мемлекетаралық, аймақтык және халықаралық қақтығыстарға байланысты сыртқы дағдарыстар да болады.
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер
Санат:Саясат