Шалаөткізгіш аспаптар — іс-әрекеті шалаөткізгіштер ішіндегі электрондық процестерге негізделген электрондық аспаптар. Электроникада шалаөткізгіш аспаптар электр сигналдарын өндеуге арналған құрылғыларда, сондай-ақ энергияның бір түрін екінші түрге түрлендіру үшін пайдаланылады. Шалаөткізгіш аспаптар екі үлкен топқа бөлінеді: құрылымы бойынша дербес құрылғылар ретінде жасалған және интегралдық шалаөткізгіш аспаптар — біртұтас интегралдық сызбалардың белсенді элементтері. шалаөткізгіш аспаптарға тән өлшемі, массасы және тұтынатын қуаты шағын, сенімділігі жоғары және механикалық беріктігі олардың кең таралуына және электрониканың қарқынды дамуына әкелді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника

ru:Полупроводниковые приборы