Дастарбасы – Қожатоғай ауылдық округі аумағындағы тау.

Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы Қожатоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 592 м, салыстырмалы биіктігі 90—120 м. Тау батыстан шығысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 2 км-ге жуық.

Геологиялық құрылымы Тау құмтас, туф кумдақтарынан және эффузивті тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Етегінде жусан, қылқан, боз, қоңырбас, көкпек, бұйырғын өскен. Бұл өңір мал жайылымы саналады. Бөктерінде қыстаулар бар.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы таулары