Хедвиг «Вики» Баум (1888 ж. 24 қаңтар – 1960 ж. 29 тамыз)- аустрия жазушысы. Әдеби қызметі 1916 жылдан басталды. 20-жылдар Берлинде шығатын журналдарда әдеби қызметкер болды. 1931 ж. АҚШ-қа қоныс аударды. Голливудта тұрып, киносценарийлер жазды. Шығармаларында буржуазиялық қоғамдағы әйел тағдырын, революцияны, тарихи оқиғаларды т. б. суреттеді.

«Таң алдында» деген мақаласында М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының кең ауқымды, қарымы мол туыңды екенін, бұл шығарманың қазақ халқының зор мақтанышына айналғанын айтқан.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Дереккөздер

Санат:Аустрия жазушылары