Иіс баданасы ( bulbus — бадана, olfactoria — иіс) — торлы сүйектің иіс шұңқырында орналасқан иіс миы өсіндісі. Иіс баданасында үлкен ми сыңарларының бүйірлік ми қарыншаларымен (қуыстарымен) жалғасып жататын, іші ми сұйығына толған кішкене ми қуысы болады. Иіс баданасына мұрын қуысынан торлы сүйек тақташасының тесіктері арқылы мидың I жұбы — иіс жүйкесі (сезімтал жүйке) енеді. Иіс баданасы — иіс жүйесіндегі бірінші иіс орталығы.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология