Аккомодациялық аппарат ( — бейімделу) — әртүрлі қашықтықтағы заттарды көздің анық көруіне көмектесетін бейімделу аппараты. Аккомодациялық аппарат — биологияда, медицинада, ветеринарияда кору мүшелеріне байланысты қолданылатын термин. Заттарды анық көру көз бұршағының пішіні мен оның жарық сәулелерін сындыру күшіне тікелей байланысты. Аккомодациялық аппаратқа: көз бүршағы мен оның пішінін (бетінің дөңестенуі мен жалпақтануын) өзгертіп отыратын кірпікті дененің бұлшық еттері жатады. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология