thumb|Абай шығармалары бойынша. Көктем. Жаз. Күз. Қыс. М. М. Қисамединов. 1970. Мақым Мұстақұлы Қисамединов (10 ақпан 1939 — 23 қаңтар 1982) — график-суретші.
Өмірбаяны Техникалық тәсілдерді, оның ішінде линогравюраны қолдана отырып, қондырғылы және кітап графикасы саласында жұмыс істеді. Диплом жұмысы ретінде М. Әуезовтың «Абай жолы» романына иллюстрациялар топтамасын дүниеге әкелді (ксилография, орташа көлемді Санкт-Петербургтегі Суретшілер Академиясының Ғылыми-зерттеу музейінде сақтаулы).Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 Осы романға арнап әңгіме ретінде баяндалатын иллюстрациялар (1967, ксилография, суретші отбасының меншігінде) жасаған. Абай тақырыбының «Абай» (1970, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі мен Москвадағы Шығыс халықтары өнерінің мемлекеттік музейінде, Қазақстан Республикасы көркем сурет көрмесінің қоры) «Жас Абай» линогравюраларында одан әрі дамытылды (1969, бұлда сонда). «Абай» атты топтамасы «Көктем» «Жаз» «Күз» «Қыс» «Құрылу» деген тұрмыстық бейнелерді баяндайтын парақтардан тұрады. Қисамединовтың басты туындыларының бірі - «Абай» портретінде ақын киіз үйдің айқара ашылған есігінен шығып келе жатыр. Иығына шапан жамылған ақын тұлғасы көрнекті, иілген есік жақтаулары ұлттық өрнекпен көмкеріліп, шығармаға асқақ сезім мен монументтік қалып береді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:10 ақпанда туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:23 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан кескіндемешілері