Абдуктор (; ab — сыртқа қарай; duko — серпу, яғни денеден алыстатқыш) — адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына әсер ету арқылы аталған мүшелерді денеден алыстататын бұлшық ет. Абдукторларға иық буынын денеден алыстататын "қырарты бұлшық еті" және жамбас-ортан жілік буынын сыртқа қарай тартып қозғалтатын "бөксенің терендегі бұлшық еті" жатады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология