Саяси ерік - саяси субъектінің рефлекстік, рухани және эмоциялық деңгейдегі өзінің қызметін реттеу қабілеті. Ерік ұғымы алғашқы кезде саяси субъектінің өз шешімі бойынша, бірақ оның тілегіне сай келмейтін іс-әрекетке баруын түсіндіру үшін қолданылды. Кейін адамның тілектер қақтығысы жағдайында еркін таңдау мүмкіндіктерін түсіндіру үшін пайдаланылды.

Саяси еріктің негізгі қызметтері саяси қызмет мақсаттары мен себептерін тандау; саяси әрекет себептері жеткілікті немесе жеткіліксіз болған жағдайда іс-әрекетке итермелеуді реттеу; субъектімен жүзеге асырылатын интеллектуалдық және эмоциялық үрдістерді түсінікті саяси қызмет жүйесіне үйымдастыру; қойылған саяси мақсаттарға қол жеткізу барысындағы кедергілерді жою үшін физикалық және психикалық мүмкіндіктерді жүмылдыру.

Саяси еріктің болуы саяси іс-әрекетгі реттеуге мүмкіндік береді. Еріктік реттеуді қажетсінетін үш түрлі саяси жағдайды көрсетуге болады: саяси іс-әрекетке итермелейтін қажеттілік төмен болған жағдайда ұмтылушылық тапшылығын толтыру; қақтығыс жағдайында саяси іс-әрекет түрлерін, қажеттілік, мақсаттар мен құралдарын тандау; сыртқы және ішкі әрекеттерді және олармен байланысты интеллектуалдық, эмоциялық және рухани үрдістерді реттеу.

Саяси ерік - саяси қызметтің ажырамас құрамдас бөлігі. Сондықтан саяси ерік қазіргі әлемдегі өткір идеологиялық, экономикалық, әлеуметтік-саяси мәселелерді шешу факторы болып табылады.

Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер

Санат:Саясат