Құмберіш — құртқашаш туысына жататын тамырсабағы қысқа әрі жіңішке көп жылдық өсімдік. Биіктігі 20-40 см. Жапырағы жіңішке таспа пішінді, ұзындығы 20-40 см, ені 2-4 мм. Гүлі көкшіл, көгілдір, күлгін секпілді. Гүл серігі түтікшесінің ұзындығы 4—6 см. Жемісі — қауашақ, ұзындығы 4—5 см. Тұқымы қара қоңыр түсті, цилиндр не конус пішінді. Тасты, балшықты далада, тау беткейлерінде өседі. Қазақстанда — Торғай, Бетпақдалада, Балқаш-Алакөл алқабында, Қызылқұм, Жоңғар, Теріскей Алатауында, Қаратауда таралған. Әсемдік үшін өсіріледі, щетка жасау үшін қолданылады.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Тағы қараңыз Құмбелек
Дереккөздер</span>
Санат:Құртқашаштар