Арон Раймон [1905-1983] - көрнекті француз саясаттанушысы, әлеуметтанушысы, философы әрі публицисі. Кең таралған индустриалды қоғам, технологиялық детерминизм және идеологиясыздандыру тұжырымдамалары авторларының бірі, либерализмнің жақтаушысы, марксизм мен коммунизмнің қарсыласы.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7 Арон Раймонды ғалым ретінде саяси-әлеуметтік ой тарихы, философия мен әлеуметтану, халықаралық қатынастар мәселелері, адамзат болашағы толғандырды. Арон Раймон негізгі еңбектері: "Зиялы қауымға арналған апиын" (1955) "Тарихи сананың өлшемі" (1961) "Ұлттар арасындағы татулық пен соғыс" (1962) "Индустриалды қоғам жайлы он сегіз дәріс" (1962), "Дамудан көңіл қалу" (1963) "Ұлы жанжал" (1963), "Тап күресі" (1964) "Еркіндік жайлы эссе" (1965) "Демократия және тоталитаризм" (1965) "Әлеуметтік ілімнің даму кезеңдері" (1967) "Соғыс жайлы ойлану: Клаузевиц" (1976) "Торыққан Еуропаны жақтау" (1977) және т.б. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер
Санат:Саясат
Санат:Терминология