Көрсетімдік деңгей () — OSI моделінің 6-деңгейі. Бұл деңгейде мәліметтердің көрсетім функциялары (шарт таңбалау, бөліп белгілеу, құрылымдандыру) жүзеге асырылады, қолданбалы деңгейден немесе деңгейге сұратулар қабылданады немесе жіберіледі, тезбектердің немесе дардың пішімі (форматы) тексеріледі, мәліметтерді әрбір нақты есептеу машинасының ішкі сандар пішіміне түрлендіру жұмысы және мәліметтерді рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін оларды шарттаңбалау процесі (ал мәліметтер қабылдау кезінде кері шарттаңбалау) жүргізіледі. Сонымен қатар, Көрсетімдік деңгейге файлдар пішімін түрлендіру міндеттері жүктеледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Хаттамалар Келесідей хаттамалар (протоколдар) Көрсетімдік деңгейге қатысы бар: Apple Filing Protocol (AFP); Independent Computing Architecture (ICA), Citrix жүйесінің негізгі хаттамасы; Lightweight Presentation Protocol (LPP); NetWare Core Protocol (NCP); Network Data Representation (NDR); Telnet (қашықтан терминалға қол жеткізу хаттамасы); Tox, Tox хаттамасы кейде көрсетімдік және қолданбалы деңгейдің бөлігі ретінде қарастырылады; eXternal Data Representation (XDR); X.25 Packet Assembler/Disassembler Protocol (PAD).

Дереккөздер

Санат:Желілік протоколдар Санат:Көрсетімдік деңгейдегі протоколдар