Көмірлердің микроқұрамбөліктері — көмірдің микроскоп арқылы анықталатын элементар органикалық құрамдас бөліктері. Оларды жіктеудің бірнеше сұлбасы бар. Мысалы, Жемчужников (1948) пен Гинзбург (1951) бойынша Көмірлердің микроқұрамбөліктері гельденген, нашар фюзенденген, фюзенденген, кутинді, шайырлы, балдырлы топтарға бөлінеді. Топтар көптеген микроқұрамбөліктерден тұрады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер

Санат:Геология