Суперкеңарна, ақпараттық суперкеңарна (Супермашстраль, информационная супермагистраль; super-highway, information superhighway) — кез келген пайдаланушының кез келген басқа пайдаланушымен, оның орналасу жағдайына тәуелсіз, ақпарат алмасуына мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты мәліметтерді жеткізу желісі. Есептеуіш техника мен теледидардың синтезделу принципіне негізделеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника