Альпі мұздығы (Альпийский ледник) — қарапайым аңғарлық мұздық.
Тау циркі шегінің ар жағынан бір аңғармен түсетін қазіргі кезендегі тау-аңғарлық мұздықтың бір түрі. Қоректену аймағының еру аймағынан (мұздықтың тілі) морфологиялық жекеленуімен сипатталады. Морфологиясы бір-бірінен айқын ерекшеленеді. Мұздық циркін алып жататын қиыршық қарлы (фирн) алаң ойыс бетті болып қалыптасады. Еру алаңы — мұздық тілі тау аңғарымен төмен жылжыған дөңес бетті келденең бітімді болып келеді. Бірінші қиыршық қар алаңы климаттық қар шекарасынан жоғары, ал еру аймағы төменде болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
Альпі мұздығы - бір ғана аңғармен тау циркінен төмен карай түсетін таулық-аңғарлық мұздықтың жұпыны типі. Альпі мұздығы, әсіресе Альпі тауына тән, сонымен катар Кавказ, Памир, Тянь-Шань және тағы да басқалары тау жүйелерінде кездеседі. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:Мұздықтар