Диагностикумдар— стандартты диагностикалық препараттар. Тиісті вирустың (микроорганизмдердің) культурасынан дайындалады және серологиялық реакцияларда антиген ретінде қолданылады. Диагностикумдарға эритроцитарлық иммунореагенттер де (ЭД) жатады. Бұл үстіне вирус антигені (а н т иг е н д і к Диагностикумдар) немесе антиденелер (антиденелік Диагностикумдар) жабыстырылған эритроциттер жүзбесі. Эритроцитарлы Диагностикумдар ГАТР және ГАТРТ реакцияларында антигендер мен антиденелерді анықтау үшін қолданылады.Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Дереккөздер
Санат:Медицина Санат:Вирусология Санат:Иммунология Санат:Генетика Санат:Молекулалық биология