Брайль дисплейі (Дисплей Брайля; Braille tactile display) — көзі көрмейтін адамдарға арналған түйіршіктер жиынынан тұратын компьютерлік ақпаратты оқу құрылғысы. Түйіршіктердің орналасуы Брайль әліппесінің әріптеріне сәйкес келеді. Түйіршіктер арнайы электрондық схемалардың көмегімен шығарылады және бастырылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Ішкі сілтемелер Дисплей

Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника