Айжақыров Асқанбай Айжақыров Асқанбай (1900 жылы Маңғыстау ауданы, Бозащы ауылында туды – өлген жері басқа) – партия қызметкері. (1927) Орынбор жұмысшылар факултетін бітірген. Алматы қаржы техникумын бітірген (1936). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1921 – 1929 жылдары Форт-Александровскіде Адай округі еңбек инспекторы, денсаулық бөлімінің меңгерушісі, ауылдық кеңестің төрағасы. 1930 – 1971 жылдары Павлодар Қазақ драма театрында директор, қаржы-экономика салаларында жетекші қызметтер атқарды. 3-дәрежелі Даңқ орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Маңғыстау энциклопедиясы, 4том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Асқанбай Айжақыров · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.